МЕНІҢ АНАМ-ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ

722
Ана……..
Ол кім? Ана бір қолымен әлемді тербетіп, бір қолымен бесік тербеткен әлемдегі ең қайратты, жігерлі, ең төзімді, әрі ең нәп-нәзік жандардың бірі.
Барлық адам баласында Ана деген жан бар. Өмірде Аналар да әртүрлі болады.
Бірақ Ана өз сәбиін аялап, қорғап, пана болып қана қоймай, сонымен қатар оның әрқашанда періштесі болып жүреді.
Ананың балаға деген махаббатын тілмен айтып жеткізе алмаймыз. Қазақ халқының ақын жазушыларының «Ана» тақырыбына тоқталмағыны жоқтың қасы…
Міне, осындай менің ғана емес, көптеген түлектердің анасына айналған, менің анам-мейірімнен жаралған ұстаз-ана!
Әлемдегі ең құрметті де, қасиетті мамандық иесі ол – мұғалім.
Мұғалім – адам тәрбиелейді. Оның алдынан барлық маман иесі шығады.
Адам болып қалыптасудың алғашқы әліппесін мұғалімнен алады.
«Адамның адамшылығы ұстазынан» демекші, үлкен өмірге қадам басатын әрбір азаматқа шамшырақ болатын ұстаздың құдіретті есімін шәкірт жүрегінде мәңгі сақтайды.
Ұрпақтың ұлы мұраты жолында талмай еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз баршылық.
Солардың қатарында өзгені де өзін де бақытты етсем деген қымбатты да қадірлі жанның бірі- менің анам Рахманқызы Қанымша Мырзахметова!
Ширек ғасырға жуық еңбек өтілі бар білікті ұстаз анамның ынта-жігері, мамандығына деген адалдығы мен қызығушылығы бар оқушыларын білім әлеміне жетелеп әкеліп, өз ізбасарлары етіп тәрбиелеп шыққаны « Шәкіртінің ұстазына қарап бой түзегені» деуге әбден лайық.
Жақсы ұстаз өз жолын қуатын шәкірт тәрбиелеп, ұстазбен шәкірт арасында үзілмес сабақтастық орнатқанда ғана ұстаздың есімі ұрпақтан ұрпаққа таралары сөзсіз.
Себебі кез-келген салада, біліммен ғылымда болсын жетістікке жеткен жан әуелі өзінің алғашқы ұстазын еске алатыны белгілі.
Анашым 42 жыл үздіксіз білім саласында бастауыш сыныбының мұғалімі болып жұмыс жасады.
Алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Талапты 8 жылдық мектебінде бастап, Тараз қаласындағы #17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінде еңбек жолын аяқтады.
Өз балаларын да қанаттыға қақтырмай ер жеткізген жанның аналық ақ арманы да орындалып, бүгінде отбасы ортасында бақытты ғұмыр кешуде.
Қалауын таба білген жан сіздей-ақ болар. Ана бақыты мен ұстаздық ұлы жолдағы еңбегіңіз еш кеткен жоқ.
Бүгін сіздің Оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлынан марапатты мектеп директоры Кенесариев Сабит мырза табыстап, бүгінде ардагер анамды қуантты.
«Үлкенге өнеге, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз ғой, бүгінгі тыныс тіршілігі қауырт заманда тек өз отбасының ғана қамын ойламай мектептің тыныс тіршілігіне әлі де араласып, өмірмен байланыстыра отырып оқушыларға білім нәрін сусындатқан ардагерлердің құшақтары гүлге, қолдары марапатқа толып, жүздері қуаныштан бал-бұл жанды.
Мен өз анаммен қатар осы салада еңбек етіп, бейнеттің зейнетін көріп отырған , бүгінгі барша марапат иелерін құттықтап, ардагерлерді елеп, еңбектерін ескерген Оқу ағарту министрі мен аталмыш мектеп басшылығына шексіз алғысымды білдіремін.
Иә, «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп айтпақшы, ұстаздың еңбегі ерен.

Мақсат Қазанғапов, Талас ауданы білім бөлімінің басшысы
Шәкірт жүрегіне жол тауып, сапалы білім беріп, ел болашағының негізін қалайтын өрендерін тәр­биелеп шығару – нағыз ұстаздың қолынан келетін өнер.
Бір сөз­бен айтқанда, Анам жүрек жы­­луын, мейірім шуағын, адам­гершілік ұлылығын оқушының бойы­на дарыта білген ұстаз деген атқа лайық болды.
Анама деген махаббат менің де осы ұлы жолды таңдап, барынша ізденіп, белестерге жетуіме сеп болды.
Мен өз анамды мақтан тұтамын, оның да менімен мақтанғанын қалаймын, соған лайықты тырысамын.
Менің болашақтағы мақсатым – еліміздің өркендеуіне өз үлесімді қосу, саналы да салауатты,білімді ұрпақ тәрбиелеу!
Мамандығын шын сүйіп, ұлы қыз­метте абыройға кенелген ар­дақты ұстаз адамдықтың бақытына осылайша жетіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.