Осы жылдың 11 қараша күні Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығы КММ-нің ұйымдастырумен Шу ауданы бойынша футзалдан ішкі чемпионатының ашылуына орай кіші футбол турнирі өтті. Ашылу салтанатына Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы қатысып спортшыларға алдағы ойындарына сәттілік тіледі.
“Белбасар” спорт кешенінде өткен турнирде ауданның аяқ доп шеберлері турнирдің үздігін анықтады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштіктен «Алға» командасы көрінсе, екінші орынды «Төле би» командасы және бірінші орынды «Белбасар» командасы өз қанжығасына байлады.
Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен бағалы сыйлықтар табысталды.
Аталған Футзал лигасының І кезеңі 19 қарашадан басталып өз жалғасын табады.
Ш.Құдайберген