Өртке найзағай себеп: Бас прокуратура Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты тергеуді аяқтады

70

өрт абай

“Бас прокуратурамен Абай облысындағы ірі орман өртіне қатысты қылмыстық іс аяқталып, 27.10.2023 жылы сотқа жолданды”, – делінген жауапты органның таратқан мәліметінде.

Абай ауданындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесіне қарасты Батпаев орман шаруашылығында ірі табиғи өрт 6 маусымда басталған.

“Өртпен 60 мың гектар орман қоры жойылған. «Семей-Орманы» резерваты Новошульбинск филиалының 14 қызметкері қаза болған. Тергеп-тексерумен анықталғандай, өрттің шығу себебі қылқанжапырақты ағаштың діңіне түскен найзағай (құрғақ найзағай), жер жамылғысының тұтануына себеп болған. Аталған нұсқа сарапшы, маман қорытындыларымен, фото/видео түсірілімдерімен, куәлардың айғақтары және қылмыстық істің басқа да құжаттарымен расталады”, – деп қосты ведомстваның баспасөз қызметі.



Сонымен қоса бас прокуратура өрт кезінде «Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалының басшылығы өздеріне заңмен жүктелген өрт сөндіру өкілеттіктерін орындамағанын, жағдайды теріс бағалаған және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеуінің нәтижесінде 14 тұлғаның өліміне әкеліп соққанын алға тартады.

«Семей-Орманы» резерваты және Новошульбинск филиалы басшылығының іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 292 бабының 3 бөлігімен сараланып (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген), «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Экология және табиғи ресурстар және төтенше жағдайлар министрліктерінің лауазымды тұлғаларының әрекетсіздік дерегімен тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Мамандардың қорытындылары алынғаннан соң барлық лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады”, – деді бас прокуратураhttps://stan.kz/news-390992/

Leave A Reply

Your email address will not be published.