Әкімдік мәліметінше, бағыт Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір арқылы жүреді.
«Елорданың оң жағалауы мен сол жағалауы арасындағы көлік қатынасын жақсартады. Сондай-ақ «Үркер» ТА мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы көліктік байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, Ж. Нәжімеденов, Керей-Жәнібек хандар, Қ. Мұхамедханов көшелерінде орналасқан тұрғын үй кешендеріне көліктік қызмет көрсетуді, сондай-ақ «Үркер» тұрғын алабы ішіндегі қоғамдық көлікпен қамтуды арттырады», — делінген хабарламада.
Қала әкімдігі №66 бағдар қолданыстағы № 14, 35, 36, 45, 50, 56 бағдарларының жүктемесін азайтатынын мәлім етті.
https://turkystan.kz/article/235923-erte-nen-bastap-astanada-zha-a-marshrut-iske-osylady