ҚАЖ саласының ардагерін еске алуға арналған турнир өтті

128

Бүгін облыстық «Динамо» спорт кешенінде ҚАЖ департаментінің бастығы болып ұзақ жылдар бойы қызмет еткен әділет полковнигі Серік Нұханұлы Ахметовты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы әділет подполковнигі Жәнібек Жамалбекұлының бастауымен өткен турнирге ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелер қызметкерлерінен құралған 7 құрама қатысты.

Ала доп аламанының ашылу рәсімінде Серік Нұханұлының жұбайы Гүлсім Акималқызы және ҚАЖ саласының ардагерлері сөз сөйлеп, С. Ахметовтың өмірдегі және қызметтегі істері жайында естеліктерін айтты.

Шараның соңы сала ардагерінің рухына арналған аспен жалғасты.

Ахметов Серік Нұханұлы 1959 жылдың 6 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. 1966-1976 жылдар аралығында Жамбыл қаласының №20 Я.М.Свердлов атындағы орта мектепте білім алды.
1977-1983 жылдар аралығында Серік Нұханұлы Жамбыл гидромелеоравтивтік-құрылыс институтында инженер-құрылысшы мамандығы бойынша білім алды. 1990 жылы Москва қаласында КСРО Ішкі істер министрлігінің жоғары курстарын бітірді. Өзінің еңбек жолын Серік Нұханұлы 1976 жылы Жамбыл қаласының «Мир» кинотеатрында киномеханик болып бастады. 1977 жылғы шілде-қараша айларында Жамбыл облысы ІІБ ЖД-158/1 мекемесінде автокөлік жүргізушісі болып еңбек етті.
Ішкі істер органдарында 1983 жылғы қазаннан бастап 2008 жылғы қарашаға дейін 25 жыл қызмет етті. Өзінің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында ҚР Әділет министрілігінің Қылмыстық-атқару жүйесі Жамбыл облысы бойынша басқармасының бастығы лауазымына дейін көтерілді.
Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесін үздіксіз жеті жыл басқарып, осы жүйенің өркендеуіне зор үлес қосты. Жамбыл ауданы, Шөлдала ауылында кіші басшы құрамның алғашқы дайындықтан өтуіне арналған Оқу орталығын, Тараз қаласының А.Асқаров көшесінде европалық стандартқа сай жаңа ЖД-158/7 түзеу мекемесін ашты.
Серік Нұханұлы жас мамандарға жақсы тәлімгер және ұлағатты ұстаз бола білді. Қызметкерлер арасында еңбекқор, өз ісінің нағыз мамандарын анықтай біліп, оларды қызмет бабында жоғарылату жолында аянбай еңбек сіңірді. Сол қызметкерлердің көпшілігі қазіргі уақытта тек біздің облыстық ҚАЖ департаменті мен оның қарамағындағы мекемелерде ғана емес, Атырау, Алматы облыстарында және ҚАЖ комитетінде де басшылық лауазымдарда қызмет атқаруда. Қызмет атқару барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Серік Нұханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, ҚАЖ комитетінің, облыстық Ішкі ісітер басқармасының басшылығымен 40 рет марапатталған, бірнеше Құрмет Грамотасымен, «КР ІІМ үздік қызметі үшін» төс белгісімен, 1 Кәсіподақтар федерациясының Құрмет Грамотасымен, «Қылмыстық-атқару жүйесіндегі мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған.
Серік Нұханұлы құрметті зейнеткер ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жедел бөлімінің бастығы лауазымынан шықты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.