Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады

293

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар бірқатар мәселелерді көтеріп, өтініштерін жеткізді.

Алдымен аймақ басшысы Шу ауданынан жазылған Қарашаш Амирмухамбетқызын бейне-байланыс режимінде қабылдап, өтінішіне жауап берді. Азаматша «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша үй алуға көмек сұрады.

Жеке қабылдауда Тараз қаласының тұрғыны Нүрила Айымкулова жолдасының 3 топтағы мүгедек екенін және 20 жылдан бері үйінің құжаттары жоқ екенін алға тартып, құжаттарын заңдастырып беруді сұрады. Ал Меркі ауданынан келген Тоқтаргүл Мұсабаева заңсыз берілген жер мәселесіне назар аудартты.

Сондай-ақ, көпбалалы ана Айдана Абдраева Тараз қаласынан пәтер алуға көмек сұрады.

Қабылдауға жазылған басқа да азаматтар әлеуметтік көмек, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және өзге де мәселелерді көтерді.

Облыс әкімі азаматтардың өтінішіне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті.

Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.