Жәрмеңкеге асық

144
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Grand bazaar» сауда кешенінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.
Жәрмеңке сөресінде Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылған.
Жәрмеңкеде жалпы құны 21,7 млн. теңгені құрайтын 36,4 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылуда. Оның ішінде 9,7 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 2,7 тонна сүт өнімдері, 6 мың дана жұмыртқа, 0,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,4 тонна макарон өнімдері, 0,4 тұз, 0,6 тонна балық, 6,0 тонна ұн, 1,2 тонна бал және 9,4 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.
Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.