Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Тараз металлургия зауыты» ЖШС-не барып, жұмысымен танысты.

66
2007 жылы құрылған зауыт ферроқорытпа өндірушілердің бірегейі және ел аумағында электрод массасының жалғыз өндірушісі болып табылады.
❗800-ге жуық жұмысшы еңбек ететін кәсіпорын 2010 жылы қайта жаңғырту мен кеңейтуден өтіп, жылдық қуаттылығы 72 мың тоннаға дейін жеткен.
Өнімдер ішкі нарықпен қатар, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерге де экспортталады.
✅Облыс әкімі өндіріске жан-жақты қолдаулар жалғасатынын айтып, серіктестік басшылығына жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, өнім көлемін арттырудың маңыздылығына тоқталды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы еңбек қауіпсіздігін сақтауға, жұмысшылардың әлеуметтік және еңбек жағдайларына баса ден қойып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін де естен шығармау керектігін атап өтті.

 

Тараз қаласының әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.