Талас аудандық музейінде Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің көшпелі көрмесі өтті.
Көрмеге Бауыржан Момышұлы жайлы жазылған кітаптар, батырдың фото суреттері мен қолданған заттары қойылған.
Бұл көрме «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-на қарасты «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы және «Данқ» залы қызметкерлерінің бастамасымен Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы қарсаңында ұлы батырымыздың артында қалған мол мұрасын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылуда.
Талас ауданы әкімдігі