Партия аудандық филиалы
«Орталық» бастауыш партия ұйымының төрағасы , аудандық кітапхана директоры Шубаева Ғалия Бейсебайқызының ұйымдастыруымен кітапханашылар күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Көдеков, еңбек ардагері Б.Жамбылов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Мұқашев, аудандық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы К.Мади, Жамбыл мектеп гимназиясы «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі С.Исмаилов, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.
Партиялық бағдарламалардың жүзеге асуына үлес қосып жүрген кітапхана меңгерушілеріне Партия аудандық филиалы атынан «Алғыс хат» беріп, бағалы сыйлықтар тапсырдым.
Жиынға қатысушы кітапханашыларды кәсіби мерекемен және Республика күнімен құттықтап, ізгі тілегімді жеткіздім. Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.