Жыл соңына дейін тағы 1,5 млн. гектарға жуық жерді қайтару жоспарланып отыр

134
«Жер Аманаты» республикалық комиссиясы екі жыл ішінде 8,6 млн. гектардан астам жерді мемлекет меншігіне қайтарған болатын. Жыл соңына дейін тағы 1,5 млн. гектарға жуық жерді қайтару жоспарланып отыр.
Жалпы, жер мәселесін күнтізбе бетінен түсіруге болмайды. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып отырған бұл жұмыс халықтың ыстық ықыласына бөленіп отыр.
Осы орайда, атқарылған жұмыстарды сараптап, алға қойған жоспарды айғақтау үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, «Жер аманаты» республикалық комиссиясы төрағасының бірінші орынбасары Murat Temirzhanov және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Жер аманаты» республикалық комиссиясы төрағасының орынбасары Бакытжан Базарбек бірге кездестік.
Өздеріңіз білесіздер, «Жер аманаты» комиссиясы игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тыңғылықты жұмыстар атқарып келеді.
Өткен жылдан бері жер мәселесі бойынша комиссияға 3 мыңға жуық өтініш келіп түсіп, оның 80%-ға жуығы оң шешімін тапты. Бұл, үлкен жұмыстың бастамасы ғана. Жер игілігін ел игілігіне дарыту үшін бірқатар сұрақтың бетін бері қаратуды жоспарлап отырмыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, жеріміз берекелі болғай!

Leave A Reply

Your email address will not be published.