Кездесу

107

Бүгін аудан басшысының бекітілген кестеге сәйкес Сарыкемер және Қостөбе ауылдық округтері тұрғындарымен өткізген кездесулерінен соң Байзақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Рита Алтынбасова мен оның орынбасары Роза Пірімқұлова аса қауіпті жұқпалы ауру саналатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, түйнеме (сібір жарасы), кең таралған жіті инфекциялық ауру қызылша, оның алдын алу жолдары мен тұмаудан қорғану тәсілдері жөнінде кеңінен ақпараттар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аудан аумағында негізгі жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша кешенді бағдарламалар мен жоспарлардың іс-шараларын орындау нәтижесінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақты болуы қамтамасыз етіліп, жалпы 99 нозологиялық инфекциялық аурулар бақылауда тұрғаны айтылды. Сондай-ақ, қазіргі күні еліміз аумағында Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды орын алып отырғанына да баса назар аударылды. Өз кезегінде тұрғындар да аталмыш ауруларға қатысты сауалдарына нақты жауаптар алды.

 

 

Байзақ ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.