Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка бүгін соңғы бәсекеде франциялық Ясмин Мансури – бельгиялық Лора Солденмен бас жүлдені сарапқа салады.
Қазақ-поляк жұбы дода барысында алдымен тартысты матчта франциялық Диана Мартынов – ұлыбританиялық Матильда Мутавджичті жолдан тайдырды – 6:7 (6:8), 6:1, 10:5.
Жартылай финалда бельгиялық Мари Тифани — франциялық Бенуа Леметрмен шеберлік байқасты. Бірінші партияда Мартына мен Жібек 6:2 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 4:2 болған мезетте қарсыластары ойынды жалғастырудан бас тартты.
https://turkystan.kz/article/235178-zhibek-lambaeva-franciyada-y-turnirdi-finalyna-shy-ty