ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ ЖІТІ НАЗАРДА

124
Қазіргі таңда Шу ауданы бойынша жылыту маусымы басталып, барлық нысандарға жылу беріле бастады. Алдыңғы кезекте жылу әлеуметтік нысандарға, яғни, атап айтқанда ауруханалар мен емханаларға, мектептер мен балабақшаларға және тұрғын үйлерге берілуде.
Осыған байланысты бүгін өңіріміздегі көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен тілдестік. Бұған дейін жылыту маусымы қарсаңында арнайы құрылған штабтың 3 отырысы өткізіліп, дайындық жұмыстары мен анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырма беріліп, тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Оған қоса, тұрғын үйлердің дайындығын тексеру мақсатында аудан әкімдігі тарапынан жұмысшы топ құрылып, зерделеу жұмыстары да жүргізілді. Десе де, ақаудың барлығы жылу берілгеннен кейін анықталатынын ескере отырып, бүгін тұрғындарға жылыту маусымындағы қауіпсіздік және дайындық шараларын талапқа сай орындау керектігін түсіндірдік. Әсіресе, тұрғын үйдегі жылу жүйелерінің ауаларын дер кезінде шығару керектігі ескертілді. Қазіргі кезде жылыту маусымына қосу жұмыстары жалғасуда. Жоспарға бойынша 17-18 қазан күндері ауданды толыққанды жылумен қамтамасыз ету көзделуде.
Сонымен қатар, “Шу-Жылу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының жұмысымен де танысып, жылу беру жүйелерінің ахуалын көзбен көрдік. Жалпы, қаладағы орталық қазандық арқылы жылыту маусымында жалпы 358 нысанға жылу беріледі. Оның ішінде 57 көпқабатты тұрғын үй, 226 жеке үй, 14 білім нысандары, 1 емхана, 1 спорт нысаны, 4 мемлекеттік мекеме және өзге де 55 нысан бар.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.