«Журналист пен террористің тегі бір»: Бас прокурорды сотқа берген журналистің ісіне қатысты шешім шықты

83

Фото: gov.kz

Ағымдағы жылдың шілде айында журналист Әйгерім Тілеужанова бас прокурор Берік Асыловты кінәсіздік презумпциясын бұзды деп сотқа берген болатын. 2023 жылғы 5 қаңтарда мәжілістің жалпы отырысында бас прокурор Асылов депутаттардың қаңтар оқиғасына қатысты сауалына жауап бере отырып, Тілеужанова мен белсенді Қалас Нұрпейісовті «діни экстремистер», сондай-ақ «жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар» деп атаған.

Алайда бас прокуратура мұны кінәсіздік презумпциясын бұзу деп есептемейді. Тілеужанованың адвокаты Айнара Айдарханованың хабарлауынша, сот Асылов жағына шығып, журналистің талап арызын толық қанағаттандырудан бас тартқан.

«Сот депутаттардың сауалына жауап беру кезінде бас прокурордың жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар, ұйымдасқан қылмыстық топ туралы баяндап, олардың арасында діни-экстремистік ұйымның мүшелері, бұрын сотталғандар, ҚДТ қозғалысының жақтастары бар екенін айтқанын анықтады. Ол Алматы әуежайын діни-экстремистік ұйымның екі мүшесі Нұрпейісов пен Тілеужанов басып алғанын айтқан, А.Е.Тілеужанова емес», – делінген сот шешімінде.

Тілеужанованың адвокаты Айнара Айдарханова сот шешіміне қайта шағымданбақ.

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алу ісі бойынша журналист Әйгерім Тілеужанова 4 жылға сотталған болатын.

https://stan.kz/zhurnalist-pen-teroristin-tegi-bir-bas-prokurordi-sotka-389597/

Leave A Reply

Your email address will not be published.