«Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметінде бірқатар кемшіліктер анықталды

136

Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Тараз қаласын көгалдандыру бағыты бойынша, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС қызметіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қаланы көгалдандыруға және абаттандыруға байланысты жұмыстарды орындамаған кәсіпорындармен өзара есеп айырысу жағдайлары анықталған.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департаменті басшысының бірінші орынбасары Д.Омаров айтып өтті.
Алдын ала залал көлемі 700 млн. теңгені құрады. Нәтижесінде қаланы абаттандыруда проблемалар туындаған. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 57 млн. теңгесін растады. «Жеңіс», «Қ.Рысқұлбекұлы» және «Тектұрмас» саябақтарында ойын-сауық аттракциондарын орналастыру үшін төленген қаражаттын 6,4 млн. теңгесі мекеме кассасына кірмегені анықталды. Бұл жағдайлар бойынша тиісті процесуалдық шешімдер қабылдау үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.