МАҚСАТЫМЫЗ – САПАЛЫ БІЛІМ, САНАЛЫ ТӘРБИЕ БЕРУ

370
Аудандық білім бөліміне қарасты 45 білім беру мекемесі бар. Оларды 24 мектеп (19 орта, 4 негізгі, 1 бастауыш), 15 балабақша, 7 мектеп жанынан құрылған шағын орталық және 5 мектептен тыс мекемелер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті құрайды.
2023-2024 оқу жылында 24 мектепте 5626 оқушы білім алады. 577 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады.
Аудандағы білім мекемелеріндегі жалпыпедагогтарсаны –978. Оның 919-жоғары білімді, 59-арнаулы орта білімді, жаңа үлгідегі кәсіби біліктілік санатын алған ұстаздар саны 701, яғни 72 пайызды құрап отыр. 2023-2024 оқу жылында 22 жас маман қабылданды.
Аудандағы 24 мектептің 23-нің жылу жүйесі автономды, 1 мектеп (Қашқантеңіз бастауыш мектебі) пешпен жылытылады. 24 мектеп қатты отынды пайдаланады.
Білім бөліміне қарасты 5 мектептен тыс мекеме және психологиялық түзету кабинетінің қазандықтары қатты отынды қолданады.
2023-2024 жылдарға қысқы маусымға білім саласындағы мекемелерге –11656 тонна көмірге тапсырыс берілді.
Мектептер мен мектептен тыс мекемелерге 2023-2024 жылдардағы қысқы жылыту маусымына көмір толық тасымалданды.
Білім мекемесіне қарасты барлық білім беру ұйымдарында бейнебақылау камералары 100 пайыз орнатылған. Білім беру ұйымдарында 45 мекемеде 552 аналогтық және 22 цифрлық бейнебақылау камералары орнатылған.
Аудан орталықтарында орналасқан білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйелерін аудандық полиция бөліміне жедел басқару орталығына интеграциялау бойынша Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясына 7 бейнебақылау камера, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебіне 8 бейнебақылау камера, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейіне 7 бейнебақылау камера, жалпы 22 бейнебақылау камера орналастырылды. Бүгінгі таңға Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебі мен М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейіне бейнебақылау камераларын және интеграциялауға кірген мектептерге SOS батырмаларын орналастырып, полиция бөліміне жедел басқару орталығына интеграциялау жасалынды.
Мектептер – 24 (100 %)
Балабақшалар – 15 (100%)
Мектептен тыс мекемелер – 5 (100%)
Аудан бойынша 2 мектепте М.Әуезов, Қ.Сәтбаев орта мектептерінде 4 Мбит/с, 15 мектепте Ә.Төлепбергенов, Ы.Алтынсарин орта мектептерінде, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясында, М.Жұмабаев атындағы мектеп-лицейінде, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде, Б.Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, №2, О.Жандосов орта мектептерінде, С.Сейфуллин шағын орталықты орта мектебінде, Шығанақ, А.Байтұрсынов, Абай орта мектептерінде, Амангелді, Ә.Молдағұлова шағын орталықты орта мектептерінде, 10 Мбит/с, 7 мектепте Ақбақай негізгі мектеп, №1 орта мектеп, Қашқантеңіз бастауыш мектеп, Ағыбай батыр шағын орталықты негізгі мектеп, В.Терешкова, К.Қасымов шағын орталықты орта мектеп, Мыңарал орта мектебінде 20 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған.
Аудандық білім бөлімінің №258 бұйрығымен 1 тамыз -30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы «Жақсылық жаса» ұранымен басталды. Бүгінгі таңға 90 оқушыға 2 600 000 миллион теңгенің көлемінде мектеп формасы, аяқ киімі, мектепке қажетті құрал – жабдықтар алынды.
Аудан бойынша жалпыға міндетті білім беру қорынан 937 оқушыға 40567 т (38 011 279 теңге) толық аударылды. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап 1-4 сыныптар барлығы 2753 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылуда.
Білім бөлімінің 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес 2023 жылы Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінің және Айдарлы ауылындағы № 2 орта мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Биылғы жылы мектепті 10 түлек «Алтын белгіге», 10 түлек Үздік аттестатқа аяқтады. Аудан көлемінде ұлттық бірыңғай тестілеу мамыр-шілде айларында өтті. ҰБТ-уге 19 мектептен 252 оқушы қатысты. Аудан бойынша ҰБТ-дегі орташа балл 78,5 пайызды құрады.
Облыстық пәндік олимпиадаға ауданнан 5 оқушы қатысып, Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы А.Күнтубай — химия пәнінен, Жаншырай Берік – ағылшын тілінен, Т.Рысқұлов тірек мектебінен Балнұр Бекқұлы қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиададан ІІІ орынды иеленді. Бүгінгі күнге мұғалімдердің білімін жетілдіру бойынша 203 педагог курсқа қатысып, сертификат алды. «Сапта жүріп ән айту» байқауынан мұғалімдер арасынан Мойынқұм ауданы облыста III орынды иеленді. Оқушылар арасында «Сапта жүріп ән айту» байқауынан Жамбыл атындағы мектеп-гимназиясы облыста III орынды иеленді.
Оқшылар арасында «Жас қозғалыс инспекторы» Ғ.Байтасовтыеске алубайқауынан облыста III орынға ие болды.
Ж.ЖАЗЫҚБАЕВ,
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.