Астанада оқушы баспалдақтан құлаған мектептің директоры қызметінен кетті

89

Астанада оқушы баспалдақтан құлаған №14 мектептің директоры қызметінен босатылды

Астана қаласы Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, директордың қызметінен кетуіне оқушының баспалдақтан құлауы себеп болған. Әкесі Бекжан Қожамқұловтың айтуынша, қазір баланың жағдайы ауыр.

Дәрігерлер балаға хирургиялық емнің қажеті жоқ екенін айтады. Осы оқиғаға қатысты полиция тергеу жұмысын бастады.

«Сарыарқа аудандық Полиция басқармасында 19 қыркүйекте осы факт бойынша Қылмыстық кодекстің 141-бабы «Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. №14 мектеп-гимназиясының директоры оқиғаға байланысты қызметінен босатылды», — деді ведомстводан.

 

https://turkystan.kz/article/233990-astanada-o-ushy-baspalda-tan-la-an-mektepti-direktory-yzmetinen-ketti

Leave A Reply

Your email address will not be published.