Мәжіліс депутаттары Сарысу ауданындағы «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты

962

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Зәуреш Аманжолова мен Бақытгүл Хаменова Байқадам, Игілік, Жаңаталап елді мекендерінің егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етіп отырған «Ынталы» су қоймасының жағдайымен танысты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Сала мамандары су тарайтын канал арнасы сыйымдылығын 5 куб қылып кеңейту қажеттігін айтты. Және су елді мекенге жетпей жайылып кететінін ескеріп, каналдарды науа (лотковый) қылып жасау керектігі жайында талап-тілектерін білдірді.

Бұл мәселелерді халық қалаулылары тиісті орындарға жеткізіп, шаруаның шешілуін назарға алатындарын айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.