«Адам өміріндегі – ең үлкен қуанышы бала сүю», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай балалы болу бақыт, ал көп балалы болу одан да үлкен бақыт болса керек. Бала үйіміздің берекесі, көз қуанышымыз, жүрегіміздің жұбанышы және ұлтымыздың баға жетпес құнды қазынасы десекте болады.
Қазіргі таңда Президент қолдауымен мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға тиісті жағдайлар мен қамқорлық жүйелі жасалуда. Ана мен баланы қорғауға арналған мемлекеттік бағдарламалар, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар көлемі жыл сайын өсуде.
Осындай қолдаулар мен халықтың жайлы тұрмыс кешуіне бағытталған игілікті шаралардың нәтижесінде аймағымызда демографиялық көрсеткіш пен жас отбасылар қатары көбеюде.
Осы орайда біз де, Сарысу ауданы әкімдігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен алтын құрсақты аналарымыздың бірі жеті балалы Күлбаева Бақыткүл Сембайқызының отбасында болып, апамызбен атамызға ақжарма тілегімізді жеткізіп, бағалы сыйлық тапсырдық.
Жастардың келіп, құрмет көрсетіп жатқанына риза болған қарияларымыз ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Асылжан Пазылбеков,
Сарысу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» директоры