Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиеваны қабылдады.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік органдармен ынтымақтастығын күшейту мәселелері талқыланды.
❗️Ербол Қарашөкеев бүгінгі таңда Үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен өңірде маңызды әлеуметтік жобалар мен қайырымдылық жұмыстары жиі ұйымдастырылып келе жатқанын жеткізді.
✅— Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып табылады, — деді облыс әкімі.
Жамбыл облысы әкімдігі