Тағы бір елде жер сілкінісі болып, 300-ге жуық адам қаза тапты

82

Мароккода 6.9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Елдің кейбір өңірлерінде жарық өшіп, сумен жабдықтау желісі де істен шыққан.

Жер асты дүмпулері Рабат қаласынан бастап елдің оңтүстігіндегі Сиди-Ифни қаласына дейін сезілді.

Al-Arabiya басылымының хабарлауынша, 296 адам қаза тауып, 30-дан астам ғимарат қираған.

Жер сілкінісінің ошағы  Марракеш қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 70 шақырымда орналасқан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.