Таразда көше жарнамасын зерделеу жұмыстары жүруде

636

Тараз қаласы әкімдігінің қызметкерлері қаладағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілу деңгейін көтеру мақсатында зерделеу жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

Топтық жұмыс назарына шаһар шырайын қашыратын ретсіз қойылған жарнама құралдарына ілінді. Зерделеу жұмыстары нәтижесінде арнайы топ қала көшелерін 669 заңды құжатсыз жарнама құралдарынан арылтты. Мәселен, рұқсатсыз орналасқан, салық төлемейтін, тозығы жеткен, тіл туралы заң талаптарына сай емес жарнама құралдарының көзі жойылып, 494 ескерту хаты берілді. Сондай-ақ Заң талаптарына мойынсұнбаған қаладағы 121 көше мен 13 мөлтек ауданы және Арай-2 алқабындағы бей-берекет жарнама құралдары зерделенді.

Бұл тұста көркем жарнаманың қаланың сәнін ғана кіргізіп қоймай, тәрбие құралы екендігін де ескерген жөн болар. Ал жарнама жайы бірізді болмай, осындай олқылықпен күрес жалғасын таба беретіндігі анық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.