Елімізде 55 мың оқушы оқу жылын жаңа мектептерде бастайды

167

2023 жылдың соңына дейін 132 мың оқушы орнын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 55 мың орын 1 қыркүйекте ашылады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Оқу-ағарту министрлігі инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыс жүргізуде. Үш ауысымды, апатты мектептер мәселесін шешу үшін 132 мың орындық 154 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының арқасында 1 қыркүйекке дейін 25 мың орындық 13 мектеп, сондай-ақ, жергілікті бюджет және жеке инвестициялар есебінен 30 мың орындық тағы 26 мектеп ашылады», – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» жобасы аясында 461 мың орындық 217 мектеп пайдалануға беріледі.

 

https://turkystan.kz/article/231793-elimizde-55-myn-okushy-oku-zhylyn-zhana-mektepterde-bastaydy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.