Облыс әкімі Қаратау қаласындағы бірқатар нысандарды аралады

117

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданына жұмыс сапары барысында Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесіндегі №13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты.

80 пәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп күтілуде.

Сондай-ақ, 3 мөлтек ауданы №5 және №6 жатақханалардың құрылысын көрді. Жалпы, 100 пәтерді құрайтын екі тұрғын үй қыркүйек айына дейін пайдалануға дайын болады деп жоспарлануда.

Тұрғын үйлер кезекте тұрғандарға беріледі.

Облыс әкімі құрылыстың сапасы мен мерзімі қатаң бақылауда болу керектігін, пайдалануға берілген соң тұрғындардан ешқандай шағым болмау керектігін ескертті.

Аулаларды абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргізу керектігін атап өтті.

Бұдан соң аймақ басшысы “Игілік жылу қазандығының жұмысымен танысты.

Қазандық 154 көппәтерлі тұрғын үй, 222 мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік және коммерциялық нысанды жылумен қамтамасыз етеді.

Өткен жылы облыстық бюджеттен Қаратау қаласындағы 2,2 шқ 270 метр жылу желілерін күрделі жөндеу және ауыстыруға 112,6 млн. 614 мың теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталған. Ағымдағы жылы «Зеленстрой» ҚТБ мекемесінен Панфилов №1 көшесіне дейінгі 1 шқ 120 метр жылу желілерін күрделі жөндеу және ауыстыру жұмыстары жүруде. Барлық жұмыстар қыркүйек айында аяқталады.

Мазут шаруашылығын қайта жаңғырту мақсатында ЖСҚ әзірленіп, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық, шаруашылық басқармасына жалпы құны 732  млн. 198 мың теңгеге бюджеттік өтінімге ұсынылған.

Облыс әкімі қазандық 1 қазанға толығымен, сондай-ақ, баламалы отын көзіне де дайын болу керектігін баса айтты.

Аймақ басшысы жылумен қамту кедергісіз жүру керектігін жеткізіп, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.