Қонаевта 39 жастағы ер адамның денесі табылды

77

Қонаевта 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz.

20 тамызда сағат 20.55-те Қонаев қаласының «Рауан» шағынауданында, «Boot Station» демалыс аймағының жанында ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының күштері 1984 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарған.

«Ер адам шамамен 20:05-те толқын басқыдан (толқын басқы – бұл ағындардан, толқындардан және дауылдан қорғауға арналған жағалаудағы аймақта салынған тұрақты құрылыс) суға секіру кезінде қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала «мойыны сынған» деген диагноз қойды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар оның қасында болған үш жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 36225 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

https://turkystan.kz/article/231009-konaevta-39-zhastagy-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.