«Көмек көрсетуге дайынбыз»: Ақпарат министрлігі журналист Сандуғаш Дүйсенова ісіне қатысты пікір білдірді

127

фото: ашық дереккөзден

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі оқиға болған сәттен ішкі істер органдарына хабарласып, мәселенің мән-жайын бақылауға  алғанын хабарлады.

«Журналист Сандуғаш Дүйсенованың ұсталғаны расталды. Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Сандуғаш Талдықорғанда жеке өмір мәліметтерін тарату туралы арыз бойынша ұсталып, ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шығарылған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Министрлік мәселені назарда ұстайды және журналиске қандай да құқықтық көмек көрсетуге дайын», — деп жазды министрліктің баспасөз хатшысы Нұрбек Амиша Facebook желісінде.

Еске салайық, бұған дейін жетісулық журналист Сандуғаш Дүйсенова қамауға алынған еді.

Ол өзін тергеу барысында полицейлердің қорлағанын мәлімдеген соң, қоғамда құқық қорғау органдарының әрекетіне қатысты сын көбейіп кеткен еді.

Журналист, қоғам белсендісі 11 тамыз күні ұсталған. Оған ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша айып тағылды. Кейін үйқамаққа шыққан журналист өзін полицейлер бөлімшеде шешіндіріп, видеоға түсіргенін жазды. https://stan.kz/komek-korsetuge-dayinbizakparat-ministrligi-zhurnalist-386648/

Leave A Reply

Your email address will not be published.