«Қамданған қапы қалмайды»

151
«Қамданған қапы қалмайды» деген, биылғы мал қыстату кезеңіне қажетті мал азығын дайындауға шаруалар, ауыл тұрғындары белсене кірісіп жатыр.
Ауданда биылғы жылы мал азығын дайындау үшін шабуға белгіленген алқап көлемі 43180 гектарды құрайды.
Оның ішінде, 5800 гектары көпжылдық шөп және 37380 гектары табиғи шабындық алқабы.
Бүгінгі таңда ауданда 5800 гектар жоңышқа алқабында толық бірінші орым жұмыстары аяқталған. Екінші орымда 2600 гектар жоңышқа және 33100 гектар табиғи шабындық шабылды.
Жалпы, аудан үшін ағымдағы жылы 123500 тонна мал азығын дайындау жоспарланған. Бүгінгі күнге 102500 тонна мал азығы дайындалды. Яғни, 83,3 пайыз орындалды.
Аудан шаруалары қысқы мал азығын көбірек дайындап алу үшін Қамқалы ауылдық округіндегі Шу өзені табанынан да қосымша шөп жинап алуға да дайын.
Мал азығын дайындау жұмыстары күз мезгіліне дейін жалғасатын болады.
Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.