Т. Рысқұлов ауданында жол жөндеу жұмыстары жүруде

720

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша биылғы жылы 31 шақырымнан астам жол жөнделеді деп жоспарланған болатын. Оған бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, қазір аудан орталығы Құлан ауылының негізгі көшелері жөнделіп жатыр. Сондай-ақ орталық базар аумағы кеңейтіліп, кіре беріске жаңа үлгідегі арка орнатылды.

Құлан ауылының қақ ортасынан өтетін 3,5 шақырым жолдың қазір 70- пайызы жөнделіп үлгерді. Мұндағы ескі асфальті сүріліп тасталып, орнына жаңасы салынған. Әрине, жолдың дұрыс болуы елдің де еңсесін көтереді. Аудан орталығындағы негізгі көшені жөндеуге биыл 150 млн. теңге бөлінген. Ал, бұл бағыттағы жұмыстарға келер жылы 220 млн. теңге қарастырылып отыр.

Жалпы, Т. Рысқұлов ауданы бойынша биылғы жылы 31, 4 шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Ол былтырғы жылмен салыстырғанда 5,7 шақырымға көп. Жолдың сапасына да мән беріледі. Ол стандартқа сай 11 сантиметр болып төселеді. Шетіне жолжиектік тастар қойылады. Сонымен қатар, болашақта жаңа аялдамалар салу да жоспарда бар.

Осы уақытқа дейін шешілмей келе жатқан проблеманың бірі Құлан ауылының орталық базар аумағындағы жолдың жыры болатын. Тұрғындар сұранысына орай биыл ол көшегеде түгелімен жаңа асфальт төселді. Қазіргі уақытта аудан орталығында жөндеуді қажет ететін жолдар аз қалды. Болашақта біз бұл проблеманы түгелімен шешеміз дейді жергілікті билік өкілдері.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.