Жамбыл облыстық прокуратурасы «NARKO SHEKTEU TARAZ» телеграм-ботын таныстырды

416

Синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымының алдын алу мақсатында Жамбыл облыстық прокуратурасы «NARKO SHEKTEU TARAZ» телеграм-ботын таныстырды.

Аталған платформа — нашақорлар санын азайту, халық арасында есірткі айналымы мен тұтынудың алдын алуды көздейді.

Телеграм-бот негізінен мына бағыттар бойынша қызмет атқарады.
— жарнамасы бар сайттарды (сілтемелерді) және есірткі сатып алу бойынша ұсыныстарды табу;
— есірткі жасырынған жерлер (закладка) бойынша ақпараттандыру;
— есірткіні дайындау орындары және қоймасы туралы ақпарат салу.

Бағдарламаның мүмкіндіктері есірткіні одан әрі бұғаттау үшін «Кибернадзор» жүйесіне насихаттайтын немесе жарнамалайтын заңсыз сілтемелер туралы алынған деректерді енгізу болып табылады.

Бағдарлама әзірленген жауап үлгілері арқылы олардың авторларының хабарламалары бойынша «кері байланысты» қамтамасыз етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.