Магний – бұлшықет пен жүйке жүйесіне жауап беретін негізгі элемент. Қазір адамдардың 80%-ында магний тапшылығы бар. Невролог Ұлжалғас Сманова Instagram парақшасында магний элементі неге жауап беретінін және оның жетіспеушілігінен қандай аурулар пайда болатынын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Дәрігердің айтуынша, магний элементі қандағы қантты реттейді, қан қысымын бақылайды, дәрумендердің ағзаға сіңуіне көмектеседі.
«Егер адам кофеин, алкоголь, тазартылған қантты немесе антибиотиктерді жиі тұтынса, міндетті түрде магний жетіспеушілігі пайда болады. Сондай-ақ тәбет жоғалады, шаршай береді және көңіл күй болмайды. Бұның бәрі магний жетіспеушілігінің алғашқы белгілері. Медицина ғалымдары күйзелістің де дәл осы магнийге қатысы бар екенін айтып келеді», – деді Ұлжалғас Сманова.
https://turkystan.kz/article/227902-deriger-magniy-zhetispeushiliginen-payda-bolatyn-aurudy-atady/