Ауыл тіршілігі жылдың қай мезгілінде де қарбаласқа толы

119
Жұмыстың үлкен бөлігі ауылдардағы тұрмыс-тіршілікпен байланысты. Елді мекендердегі ахуал жұмысымыздың ең басты индикаторы.
Осы мақсатта 13.07.23ж. Аса, Өрнек, Ерназар, Тоғызтарау ауылдарындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды араладым.
✅️ Аудандық орталық аурухана жұмысымен таныстым. Аудандық орталық ауруханаға қарасты 35 медициналық мекеме аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.
✅️ Аудандық орталық ауруханаға қарасты Жұқпалы аурулар бөлімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысының шешімі күтілуде.
✅️ Сондай-ақ, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде биылғы жылы Жаңаөткел медициналық пунктінің құрылысы жүргізіледі.
✅️ Өрнек дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге мердігерді анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру беріліп, қорытындысы күтілуде.
Жоспарда барлық елді мекендердегі медициналық нысандардың жағдайымен танысып, жұмыс барысына талдау жүргізіп, проблемалық мәселелердің шешу жолдарын қарастыру.

Leave A Reply

Your email address will not be published.