Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты қамауға алынды

131

Бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты 2 айға қамауға алынды деп хабарлады turkystan.kz Астана қалалық сотына сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 шілдеде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М.Төлеевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын жариялады», – деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Адвокат алаяқтық және ақша беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды.

А.Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ал оның  әйелі пара беруге оқталды деп күдікке ілінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.