Жаңа оқу жылында орыс тілі, ағылшын тілі қалай оқытылады

498

Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады деп хабарлады turkystan.kz Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023-2024 оқу жылында тілдер оқу бағдарламасына кезең-кезеңімен енеді.

«Қазақ тілінде оқытатын бірінші сыныптарда әліппе/ана тілі, ал орыс тілі 2-сыныптан бастап оқытылады. Орысша оқитын 1-сынып оқушылары қазақ тілі және букварь пәндерін оқиды. Шет тілі 3-сыныптан бастап оқытылады», – делінген хабарламада.

Тілдерді оқытуды кезең-кезеңімен енгізу тәсілі өткен оқу жылынан бастап іске асырылып жатыр.

«Бұл тәсіл білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретіні маңызды», – деді Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА президенті Мадина Тыныбаева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.