Әкімдік отырысы өтті

133
 Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, бірқатар мәселелер талқыланды.
✅Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысының міндетін атқарушы А.Күзекбаеваның баяндамасы тыңдалды.
Мәселен, ауданда 4845 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеліп, 5 612 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында 5 айдың қорытындысы бойынша 6%-дық несиенің кепілдік беру тетігі және пайыздық ставканы субсидиялау арқылы 5 жоба 112,0 млн. теңге көлемінде қаржыға қол жеткізді.. Алдағы уақытта бағдарламаның кепілсіз 5 млн.тг беру бөлігі іске қосылғаннан бастап, жобалар санын 150 кәсіпкерге жеткізу жоспарлануда.
Ал, «KMF» МҚҰ» ЖШС Жамбыл филиалы Жаңатас бөлімшесі арқылы «Бизнес бағдарлама» бойынша 2023 жылдың 5 айында ауданда жалпы 334 жоба 352 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізсе, бөлім тарапынан 47 азаматқа қайтарымсыз грант, 242 кәсіпкерге қаржылай несие, 21 азаматқа басқа сұрақтар бойынша барлығы 310 азаматқа қызмет көрсетілді.
Екінші мәселе бойынша сөз алған халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А.Назарбеков 2022 жылы қайтарымсыз грант қаражатын алу үшін 627 адамнан өтініш түскенін, жыл қорытындысымен 182 адамға берілгенін, оның ішінде Жаңатас қаласынан 73 адам және 109 адам ауыл тұрғындары екеніне тоқталды.
Сонымен бірге, 2023 жылы «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Ұлттық жоба» аясында қайтарымсыз грант қаражатын 73 адамға беру жоспарланғанын, бастау бизнес кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсына 179 адам тартылғанын атап өтті.
Биыл грант қаражаты 4 лекпен берілуде: 1-ші лек өтінімдер 2023 жылдың 20 ақпан-3 наурыз күндері аралығында қабылданып, 25 адамға грант қаражаты берілді, 2-ші лек бойынша 18 адам грант қаражатын алды. 3-ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 10 шілде — 21 шілде аралығында қабылданады, 15 адамға грант беріледі, 4-ші лек бойынша өтінімдер 2023 жылдың 4 қыркүйек-15 қыркүйек аралығында өтіп, 15 адамға грант қаражатын беру жоспарланған.
2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5%-бен жеңілдетілген микрокредит Жамбыл облысына 347 адамға 1 млрд 735 млн теңге қаржы қаралды, оның ішінде Сарысу ауданы бойынша 14 азаматқа 70 млн теңге қаржы көлемінде микрокредит беру жоспарлануда. Агро несие корпорациясына аудан бойынша 17 адамнан құжаттар қабылданды. Оның ішінен 5 адам 23 500,0 мың теңге несие алды, тағы 5 адамға 25 000,0 мың теңге қаржы мақұлданды және 7 адамның 31 500,0 мың теңгеге құжаттары комиссия қарауында.
Әкімдік отырысының үшінші мәселесі ауылшаруашылық саласында атқарылған жұмыстарға арналды. Аталған бөлім басшысы Нұрлан Молдабеков ауданда 1045 шаруа қожалық тіркелгенін, мал басы саны 359 032 басты құрағанын айтып өтті. Сонымен бірге, субсидиялау жұмыстары, асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы, қолдан ұрықтандыру, қоғамдық падаларға асыл тұқымды бұқаларды қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке-жеке тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Сәкен Үмбетұлы түсіндіру жұмыстарының аздығын, ауыл азаматтарын несие алуға көптеп тартуды, бөлім мен ауыл әкімдері арасындағы ортақ жұмысты жүйелендіруді тапсырды. Сонымен бірге, аталған мәселелер бойынша тағы да тыңдалым өтетінін тапсырды.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.