Мекеме басшысы қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

159

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемеде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті.

Мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев жиналғандарды мерекемен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

— Елдің тыныштығы мен қоғам қауіпсіздігін сақтауда аянбай еңбек етіп жүрген жауапты мамандық иелерінің жұмысы оңай емес. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін салада әрбір қызметкердің төзімділігі қажырлы еңбегі оның антына адалдығын көрсетеді. Ендеше, әрқашан биіктерден көрініп, елімізге адал қызмет ете беріңіздер, — деді Е. Оразгелиев.

Бұдан бөлек, бұл күні міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлерге грамота табыс етіп, алғыс жарияланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.