ҚАЖ қызметкерлері батыр Байтасовты еске алды

133

Жыл сайын 23 маусымда Қазақстанда ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі – Полиция күні аталып өтіледі. Бұл күн 2007 жылы Президенттің Жарлығымен ресми түрде бекітілді.

Осыған орай Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шараға департаментке бағынысты №25 мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ә. Дәулетқұлов пен №67 мекеме бастығы, әділет полковнигі Б. Сауранбаев және ҚАЖ қызметкерлері қатысты.

Бұдан кейін шара қатысушылары қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының барлық қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Жиналғандар әділеттік жолында күресіп, елі үшін тер төгуді парызым деп білген полиция капитаны Ғазиз Байтасов пен өз өмірлерін қоғам қауіпсіздігін сақтау жолында құрбан еткен барша бейбіт күннің батырларының ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын, олардың ерлігі қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін сақтау жолында жүрген құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне әрқашан үлгі-өнеге болып қалатынын айтты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.