Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

98

Облыс әкімдігінде 23-маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.

Мемлекеттік қызметтің беделін нығайтып, мәртебелі қызметтің миссиясын тиянақты атқарып, сала мамандарының болмысын насихаттауға қосқан үлестеріне алғыс айтты. Сонымен қатар, еңбегімен дараланған бірқатар мемлекеттік қызметшілерді облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапаттады.

— Мемлекеттік қызметшілер – мемлекет дамуының қозғаушы күші, мемлекеттің айнасы! Біздің ең басты міндетіміз – еліміздің бүгіні мен келешегі алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, халқымызға адал қызмет ету. Сондықтан, Мемлекеттік қызметші халыктың мұң-мұқтажын еститін, мәселелерін шешуге барлық күш жігерін салатын, халықтың қызметшісі екенін есімізден шығармауымыз керек, — деді Ерболат Ибрайханов.

Айта кету керек, Жамбыл облысында қазіргі таңда түрлі деңгейде барлығы 4300-ден астам мемлекеттік қызметші еңбек етеді.

Бүгінгі таңда мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі конкурс негізінде, оның ішінде меритократия қағидаты арқылы асырылуда. Облыстық деңгейде де осыған айрықша мән берілуде.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.