«Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары  марапатталды

182

 Бүгін «Мерейлі отбасы»  байқауының аудандық жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Айтулы шараға аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов қатысып, 2013 жылдан бері елімізде өткізіліп келе жатқан  байқаудың маңызына тоқталды. Отбасылық  құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, өсіп келе жатқан ұрпақты адамгершілік пен Отансүйгіштікке тәрбиелеуде отбасының алатын орын үлкен екендігін айтып, байқау жеңімпаздарын құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев ауданымызда 110 мыңнан аса  халық тұратындығын,  мерейлі шараға  қатысуға 10 отбасы ниет білдіргендігін айтты. Жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия шешімімен 4 отбасы үздік атанғандығын, алдағы уақытта байқауға отбасылар көптеп қатысса деген тілегін жеткізіп, үздіктерді жеңісімен құттықтады.

Шара барысында «Мерейлі отбасы» аудандық байқауының жеңімпаздары: Бурыл ауылдық округінен келген Мамасериковтар, сарыкемерлік Нұрбаевтар мен Тулеповтар, қостөбелік Шукриевтердің отбасына арнайы Дипломмен, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Гүлшахар Ермұратова.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.