САРЫСУ АУДАНЫНДА «БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

190
Ағымдағы жылдың 20-22 маусым аралығында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Этносаралық және конфессияаралық келісім» топ мүшелері Сарысу ауданына жол тартты.
Аталмыш топтың құрамында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Ұлана Сламбекова мен облыс әкімдігінің ІІБ ҚХА хатшылығының этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Құдайберген Рысдәулетов және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де бар.
Жұмысшы топ жоспарға сәйкес бірқатар іс-шараларға қатысты. Сарысу аудандық «Коворкинг» орталығында Этнос өкілдерінің қазақ әдебиеті шығармашылығын меңгеруі, жастарын танытуы мақсатында және ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай «Мағжан мұрасы мәңгілік» атты тұлғатану кеші өтті.Аталмыш кеште аудандағы этномәдени бірлестіктердің төрағалары ақынның шығармаларын мәнерлеп оқыды.
Іс-шара Жаңатас қаласында орналасқан көпсалалы колледжде жалғасын тапты. Мұнда оқытушылар жастарымен кездесіп, түрлі тақырыптарда әңгімелер қозғады. Атап айтқанда, Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер бойынша және колледж түлектерінің қаншалықты жұмыспен қамтылғандықтары жайында кеңінен айтылды.
Бұдан бөлек, жұмысты топ құрамындағы ҚХА Ғылыми-сараптамалық бөлімінің сарапшылары Жазира Шілдебаева мен Рианна Жалпанова аудандық саябақта, Жаңатас қаласының орталық базарында этнос өкілдері арасында әлеуметтік сауалнама жүргізіп, фокус-топтық зерттеулер жасады.
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.