Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов алғашқы жұмыс күнін Қызылдихан, Игілік ауылдарының тұрғындарымен кездесуден бастады.
Аудан басшысы ауылдардың жағдайымен жақсы таныс, осы уақытқа дейін де ауыл мәселелерін зерделеп, жүйелі жұмыстарды жүргізіп келген болатын. Бүгін ауыл активтерімен кездесіп, ортақ мәселелерді бірге талқылады.
– Өзім туып-өскен ауданды басқаруға сенім артылып, бүгін өздеріңізбен кездесіп отырмыз. Барлық шаруа ауыл халқының ауызбіршілігінің арқасында іске асырылып жатқаны анық. Елдегі мәселелерді қаржылық мүмкіндікке сәйкес, кезең-кезеңімен жүзеге асыратын боламыз, – деген аудан әкімі
Сәкен Үмбетұлы халықтың өтініші мен талап-тілегі әрқашан ескерілетінін атап өтті.
Кездесуде ауыл қариялары мекендердегі өзекті мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, аудан басшысының жұмысына сәттілік тілеп, баталарын берді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі