Астанада Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түскен болатын. Осы оқиғаға қатысты банк ақпарат берді деп хабарлады turkystan.kz.
Банк мәліметі бойынша, қазір бөлімшеде тек банк қызметкерлері бар, клиенттер жоқ.
«Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр. Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнына арнайы жасақ келді.