«Қош бол, әкетай!»: Димаш Құдайберген өмірден өткен атасына жазба арнады

122

Димаш атасы

“Рахмет, папа… Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін…Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын. Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол,әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің,кенжетайың… Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын…”, – деп жазды танымал әнші желідегі парақшасына.

Еске салайық, 13 маусымда Құдайберген Айтбаевтың өмірден өткені белгілі болған.

15 маусым күні  Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Димаш Құдайбергеннің атасының жаназасы шығарылды.

Айта кетсек, Димаш марқұм атасы Құдайберген мен әжесі Миуаның тұңғыш немересі. 2019 жылы Құдайберген Айтбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2018 жылы Димаштың ата-әжесі үйленгендеріне елу жыл толуына орай «Алтын тойларын» өткізген болатын.

https://stan.kz/kosh-bol-aketay-dimash-kydaybergen-omirden-otken-atasin-383998/

Leave A Reply

Your email address will not be published.