Бүгін аудан орталығында ауыл шаруашылығы техникаларының облыстық көрмесі көрсетіліп, семинар өткізілді.
Облыстық көрмеге облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Қайшыбекұлы қатысты. Ол техника тізілген аумақты түгел аралап, “Агромаш Холдинг KZ” кәсіпорнының басшыларымен тілдесті.
Аудан шаруашылықтары тарапынан облыста осы техникалардың қосалқы құралдары мен бөлшектерін жеткізетін және қызмет көрсететін арнайы орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.
Қостанайлық “Агромаш Холдинг KZ” кәсіпорны диқандар үшін трактор, комбайн секілді заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының түр-түрін жеткізіп, шаруалар назарына ұсынды.
Аталған компания ел нарығында 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында акционерлік қоғамнан шыққан ауыл шаруашылығы машиналары өзін жақсы жағына көрсеткен.
Жиын соңынан көрмеге қатысқан шаруаларға арнайы сертификаттар таратылды.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі