ДАҢҚТЫ САЗГЕР ЖАЙЛАУКӨЛ АУЫЛЫНДА БОЛДЫ

362
Қазақтың даласы мен баласын өзінің әсем де әуезді әнімен тербеген және тербетіп келе жатқан Қазақстанның Еңбек Ері, даңқты сазгер, жазушы, көсемсөзші, суретші, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Илья Жақанов ағамыз Қамқалы ауылдық округіндегі Жайлаукөл ауылында болды.
«Жайлаукөл кештері» әнімен бүкіл елімізге осы алақандай ауылды танытқан сазгер ағамыз Жайлаукөл ауылына арнайы ат басын бұрып, сол бір кездерді,
Жайлаукөлде жиі болып, көне көз қаоиялармен сөйлесіп, атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлы туралы және оның күйлері мен оның шығу тарихы туралы деректер, әңгімелер, естеліктер жинақтап, үлкен туындыларды дүниеге әкелген кездерін еске алды.
Жайлаукөл ауылдық кітапханасында оқырмандармен кездесіп, ауыл кітапханасына арнайы қолтаңбасымен «Таңғажайып махаббат»кітабын тарту етті.
Сонымен қатар Илья аға осы округтегі Шығанақ, Қамқалы ауылдарында да болып, тыныс-тіршілігімен танысты.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.