Талас ауданында табиғи және тұрмыстық өрттердің алдын алу бойынша ескерту жұмыстары жүргізілуде

91
«Аманат» партиясы Талас аудандық филиалының жұмысшы тобымен бірігіп, ауа райының курт ысуына байланысты өрт қауіпсіздіктерінің алдын алу бойынша Талас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында орналасқан фазендалардың иесіне және сауда орталығына адамдардың жаппай жиналатын орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп тиісті жаднама парақшаларын таратуда.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Өрт қауіпті кезеңінде құрғақ өсімдіктерді өртеуге тыйым салынады.
Келесі ұсыныстарды орындау қажет:
* от жағуға жол берілмейді; сөндірілмеген темекі тұқылын, сіріңкені, жанып жатқан заттарды құрғақ шөппен жабылған бос жерлерге тастауға тыйым салынады.
* Құрғақ өсімдіктердің тұтануы анықталған жағдайда, болған жағдай туралы «101»немесе «112» телефоны бойынша шұғыл хабарлаңыз.
* Өрт болған жерден мүмкіндігінше тез кетуге тырысыңыз, бұл ретте өрт болған жерден автокөлік жолдары, теміржол магистральдары, өзендер жағын бағыттай алыстаңыз.
Осылайша сіз жалынның одан әрі таралуына кедергі келтіретін кеңістікті артта қалдырасыз. Мұндай жанудың қауіптілігі сол кішкене ұшқыннан үлкен аумақтағы жануға ұласуы мүмкін.
Талас ауданы ТЖБ

Leave A Reply

Your email address will not be published.