ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

255

Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Аманов Игілік ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізді.
Игілік ауылдық округінде ауылшаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығы қарқынды дамуда.
Ауылдық округке қарасты шаруа қожалықтарының 90 пайызы егіншілікпен айналысады. Биылғы жылы шаруалар 600 гектар жүгері, 320 гектар күздік бидай, 405 гектар арпа, 900 гектар мақсары, 200 гектар жерге жаңа жоңыршқа екті.
Ауыл тұрғындарымен кездесуде Қайрат Тілеубайұлы жыл басынан бері ауданда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Содан соң Игілік ауылдық округінің әкімі Ж. Жанайдаров ауылдық округте үстіміздегі жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы есебін берді.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан егістікке су әкелетін латоктарды жөндеу, Игілік ауылынан жаңа клуб үйін салу, кәсіпкерлікпен айналысуға жеңілдетілген несие алу, ауылдағы қорымды тазалау, ретке келтіру және өзге де мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша ауылдық округ әкіміне және жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары биылғы жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген баға берді.
Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.