Таразда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

177

Тараз қаласының аумағында 1 445 көше жолдары бар, оның ішінде асфальт жолдары бар көшелердің саны – 838, шағал тас жолдары бар көшелердің саны – 607. Ал жолдардың жалпы ұзындығы 1 888,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде асфальт жол – 1 171,1 шақырым (62%), шағал жол – 717,4 шақырым.

2023 жылдың орташа жөндеу жоспарына сәйкес, ұзындығы 82,5 шақырымды құрайтын 42 жобаға қалалық бюджеттен 3,36 млрд теңге бөлініп, конкурс өткізілуде. Қазіргі таңда техникалық қадағалаушылар анықталған 3-Завод, Пірімқұлов, Жамбыл-Төле би даңғылына оңға бұрылатын жолақ, «Әуежай» алқабындағы көшелер, «Alina Group» ЖШС-не баратын жол, 15 м/а-на кіреберіс жол, Шу және Нұрпейісов, Бурный, «Орман» алқабы көшелерінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Саңырақ батыр, Шостакович көшелерін қайта жаңғырту жобаларының жалпы құны 1,140 млрд теңге, ұзындығы 5,6 шақырым бойынша конкурс өтуде. Мердігер «Нұрлы Жол-7» ЖШС-мен қала көшелерінде 29 904 шаршы метрді ағымды жөндеу жұмыстары 4 бригадамен жүргізілуде. Қала көшелерін апаттық қалпына келтіру жұмыстарына да мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. 2023 жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде.
Ағымдағы жылы Абай даңғылындағы 2 көпірге ЖСҚ әзірлеуге конкурс өтуде.

«Тараз қаласынан Алматыға қарай шығатын Талас өзені арқылы өтетін 2 көпірді қайта жаңғырту» нысаны бойынша ЖСҚ әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізуге қажетті жұмыстар жүргізілуде.

 

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.