«Самұрық-Қазына» қытай компаниясымен бірге Жамбылда жел электр стансасын салады

145

«Самұрық-Қазына» мен қытайлық CPIH Жамбыл облысында жел электр стансасын салуды жоспарлап отыр.

Астана халықаралық форумы аясында қор басшылығы, ҚР Энергетика министрлігі, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов және China Power International Holding компаниясының басшылары кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында электр энергиясын жинау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр стансасының құрылысы жобасын жүзеге асыруға дайындалып жатыр.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамырдағы Сиань қаласына сапары барысында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған еді.

Бүгін негізгі шаралары, жауапты тараптар мен орындау мерзімі көрсетілген іс-шаралардың күнтізбелік жоспары қабылданды.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.