Жазғы демалыс маусымы-балалар үшін ерекше қуанышты сәт. Бұл балалардың демалып, уақыттарын қызықты әрі көңілді өткізетін кезең. Жазғы демалыс- бұл тек қана әлеуметтік қорғау ғана емес, бұл балалардың шығармашылықтарын дамыту үшін мүмкіндік жасау, балалардың рухани өмірлерін жақсарту, олардың шығармашылықтарын дамыту.
Жуырда Сарыкемер мектеп-гимназиясының жанынан “Күншуақ” жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті.
Алдымен “Рәміздерім-мақтанышым” тақырыбындағы ертеңгілікпен басталып, әнұран шырқалды. Мектеп директоры Гүлмира Есентаева балаларға әр күнін қызықты өткізуіне тілектестігін білдірді. Одан соң тынығушылар лагерь тәлімгерімен ант қабылдау рәсімін өткізді.
Әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасып, күй тартылып, әсем әндер шырқалды. Мың бұралып биледі. Қызықты ойындар ойналып, балаларға балмұздақтар таратылды.
Мерекелік іс-шарадан кейін оқушыларды топ жетекшілері және тәлімгерлері күн тәртібімен, кітапхана, мектеп психологтары және медбике топтарымен танысты.
Лагерь екі кезеңде жұмыс жасайды.Жазғы сауықтыру лагеріне 1-10-сынып оқушыларының 80 пайызы қамтылған.
Гулвира Ташбаева,
әлеуметтік педагогі